Алматыда ірі есірткі лабораториясы анықталды

5 Сәуір 2021, 11:35
2662
Бөлісу:
Алматыда  ірі есірткі лабораториясы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев 2021 жылдың I-тоқсанындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нәтижелері бойынша өткен брифингте айтты.

Биылғы бірінші тоқсанда 861 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 602-уі өткізу, 163-і аса мөлшерде көп есірткіні сақтау дерегі бойынша тіркелді. Мыңнан астам есірткінің әртүрлі түрі тәркіленді. Оның ішінде 3 келі героин, 774 келі марихуана, 252 келі шөп, 25 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды. Қылмыстық жауапкершілікке 2 көшбасшы мен 1 қатысушы тартылды. Қылмыстық табысты жүзеге асырудан 11 млн теңге түсірген, - деді ол.

Нұрғалиев атап өткендей, елдегі есірткі саласы әлемдегі сияқты өзгерістерге ұшырады. 

Ол дәстүрлі есірткілердің орнына жаңа психоактивті заттар келді. Оларды дәстүрлі есірткіден бағасының арзан болуы және жоғары тәуелділікке алып келуі ерекшелейді. Биыл жаңа психоактивті есірткілерді таратудың 329 дерегі тіркелді. Заңсыз айналымға 25 мың синтетикалық есірткі жіберілмеді, - деді ол.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 8 есірткі лабораториясы анықталып, жойылды. 

Олар Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Ақмола, Павлодар және СҚО облыстарында тіркелді. Сондай-ақ Алматы қаласында ірі есірткі лабораториясы жойылды. Оны жеке үйде 2 азамат ашқан. Тексеру кезінде 13 келі дайын өнім мен мефедрон өндіретін қондырғы табылды. Осы күндері Ақмола облысының Аршалы ауданында есірткі өндіретін орын анықталды. Ол еліміздің бірнеше облысында 4 лабораторияны жабуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 20 келі пировалерон, 2 тонна есірткі жасауға арналған химиялық заттар табылды. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы