Алматыда Innova Gold қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды

3 Тамыз 2022, 10:48
1159
Бөлісу:
Алматыда Innova Gold қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы  қамауға алынды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Innova Gold» қаржы пирамидасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салымшылардың жалпы саны 1300-ден астам адам, қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр. 

Ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз «Innova Gold» қызметінен зардап шексе, Агенттіктің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласуыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы