Алматыда індеттің таралуы 2 200 жағдайға дейін жетуі мүмкін – Бекшин

24 Желтоқсан 2020, 13:15
1998
Бөлісу:
Алматыда індеттің таралуы 2 200 жағдайға дейін жетуі мүмкін – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделі екенін айтты.

Жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның 17 790 жағдайы тіркелді.  Тамыз айынан бастап есепке алынған пневмонияның 1 349 жағдайы тіркелді. Қыркүйек айында вирустың таралуы 165 жағдайдан төмендеген еді, ал қазір 1 660 жағдайға дейін тіркеліп, індеттің таралуы өсіп отыр,-деді ол. 

Оның айтуынша, Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдайының өрбуі алдын ала болжамдаған мөлшерге сәйкес келіп отыр. Мәселен желтоқсан айында 1 аптада – 420 жағдай, 2 аптада – 460 жағдай, 3 аптада – 510 жағдай, 4 аптада - 560 жағдай болжам бойынша жалпы айдың қорытындысымен 1900 жағдай және пессимистік болжам бойынша 2200 жағдайға жетуі мүмкін.

Алматы қаласында, біздің елде және әлемде коронавирустық инфекциясының эпидемиологиялық жағдайдың күрделіне түскенін ескере отырып, қоғам, бизнес, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы, прокуратура және қалалық әкімдік өкілдерімен жан-жақты талқылап, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23.12.2020 жылғы №66 "Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 26.10.2020 жылғы 64 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаулысын қабылдадық,-деді Бекшин.
Өзгелердің жаңалығы