Алматыда І Халықаралық медиа және туризм форумы өтіп жатыр

22 Шілде 2023, 12:38
985
Бөлісу:
Алматыда І Халықаралық медиа және туризм форумы өтіп жатыр
Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

Бүгін Қапшағайда І Халықаралық медиа және туризм форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты. 

Министр өз сөзінде туризм саласын дамыту мен туған жердің табиғатын насихаттаудағы ақпараттық қолдаудың маңыздылығын айтты. 

Қазір туризмнің дамуы үшін ақпараттық қолдау, насихаттаудың маңызды екені белгілі. Сондықтан Медиа саласы мен туризмді бір арнаға тоғыстырған бүгінгі форум осы тарихи кеңістіктің мүмкіндіктерін одан сайын айшықтап, жалпақ жаһанға таныстыруда терең мәнге ие деп ойлаймыз, - деді министр. 

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық медиа және туризм форумы екі күнге созылады.

Өзгелердің жаңалығы