Алматыда халықаралық фортепиано фестивалі өтеді

Бөлісу:
Алматыда халықаралық фортепиано фестивалі өтеді
Фото: автордан

Алматыда алғашқы рет Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh Piano Fest – 2023» фортепиано музыкасының халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Алматыда алғашқы рет Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh Piano Fest – 2023» фортепиано музыкасының халықаралық фестивалі өтуде.

Фестиваль аясында Қазақстан, АҚШ, Ресей, Грузия, Румыния және Германиядан келген фортепиано музыкасының үздік өкілдері өнер көрсетеді. 

Алматыда халықаралық фортепиано фестивалі өтеді

Қазақстанда алғаш рет фортепиано фестивалі өтіп жатыр. Сонымен қатар халықаралық жоба әрбір қатысушы мен тыңдаушының кәсіби мәртебесін арттырады. Іс-шараның бұл ауқымы мәдениеттің дамуына мүмкіндік береді, адамның рухани қазынасын кеңейтеді. Мәдени байланыстар әрқашан халықтар достығын нығайтуға ерекше әсер етті. Бүгінгі жобаның қатысушылары да еліміздің музыкалық білім беру ісінің аңызы, фортепиано мектебінің негізін қалаушы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі, қазақстандық композиторлардың шығармашылығын насихаттаушы Ева Бенедиктовна Коганның алдына қойған осы тапсырмасын толығымен еңсеретіне сенемін, – деді «Art Forum of Kazakhstan» Халықаралық шығармашылық ұйымының Бас директоры Ерназар Ғимарат.

Өзгелердің жаңалығы