Алматыда халықаралық Best of ASCO саммиті өтіп жатыр

13 Шілде 2023, 12:42
712
Бөлісу:
Алматыда халықаралық Best of ASCO саммиті өтіп жатыр
Фото: автордан

Алматыда алғаш рет онкология саласындағы танымал Best of ASCO саммиті өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға спикерлер ретінде онкология cаласындағы белгілі халықаралық және отандық сарапшылар шақырылды. 

Екі күн ішінде сүт безі және өкпе обырын емдеуге арналған ғылыми симпозиумдар мен баяндамаларды тыңдап, әлемнің жетекші онкологтарымен тікелей араласып, онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік туындады.

Алматыда халықаралық Best of ASCO саммиті өтіп жатыр

Қазақстанға алғаш келуіміз. Бүгінгі шара көңілімізден шықты. Әлемнің жетекші мамандары бас қосып, қатерлі ісік, онкология жайлы бірқатар мәселелерді көтердік. Меніңше, Қазақстанда бұл саланы зерттейтін мамандар мен ғалымдардың біліктілігі, білімі артып келеді. Баяндама барысында елдегі дәрігерлердің бұл аурумен қалай күресіп жатқанымен таныс болдық. Алдағы уақытта тығыз қарым-қатынас орнататынымызға сенімдіміз. Бүгінде қатерлі ісікпен ауыратындардың қатары көбейген. Сол себептен бұл салаға аса мән беру қажет. Сүт безі және өкпе обырын емдеуге арналған ғылыми симпозиумдардың таныстырылымы өте тамаша болды, - дейді ғалым, PhD доктор Кармин Де Анджелис.

Алматыда халықаралық Best of ASCO саммиті өтіп жатыр

Кармин Де Анджелис өз баяндамасында онкология ауруларына ем болатын дәріні таныстырып, пайдалы тұстарына тоқтап өтті. 

Бүгінгі самитке Швейцарияда өндірілген дәрілерімізді таныстырдық. Бұл дәрі науқастардың өмір сүру деңгейін жоғарылатып, ауруына ем болады. Менің бұл салада қызмет істегеніме 15 жылдан астам уақыт өтті. Бұл дәрі-дәрмекті біраз жыл зерттедік, тәжірибе жасадық. Ем алып, ауруынан жазылған науқастарды да көзіміз шалды. Қазіргі уақытта бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде өндіріледі. Дегенмен әлі күнге Қазақстан жерінде сатылған жоқ. Алдағы уақытта сіздермен келісім шартқа отырып, дәрі өндірісін жандандыруды қайта қолға алмақпыз, - дейді ғалым Кармин Де Анджелис.

Алматыда халықаралық Best of ASCO саммиті өтіп жатыр

Еске салайық, The Best of ASCO Kazakhstan-2023 – бұл американдық клиникалық онкология қоғамының (ASCO – American Society of Clinical Oncology) ресми лицензияланған бағдарламасы. Аталған шара 13-14 шілде күні Алматы қаласында ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы