Алматыда Х Азаматтық форумның пленарлық отырысы өтті

26 Қараша 2021, 13:10
1016
Бөлісу:
Алматыда Х Азаматтық форумның пленарлық отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Х Азаматтық форумның пленарлық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева қатысып жатыр.

Форумның пленарлық отырысында ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықаралық ынтымақтастық, азаматтық қоғам, экология және инклюзия мәселелері қаралады.

Пленарлық отырыстан кейін дәстүрлі «ҮЕҰ сыйлығы» тапсырылады. Бұл Үкіметтік емес ұйымдарды 15 маңызды бағыт бойынша республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін ынталандыруға бағытталған дәстүрлі шара.

Сонымен қатар, ҮЕҰ арасында «Таңдау» байқауының жеңімпаздары марапаталады. Байқаудың негізгі идеясы – Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өміріне, тәуелсіздіктің орнығуы мен азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандық ҮЕҰ қызметінің жетістіктерін көпшілік алдында тану.


Өзгелердің жаңалығы