Алматыда гранит плиталар қайта жаңартыла ма? Әкімдік жуап берді

31 Шілде 2023, 19:52
714
Бөлісу:
Алматыда гранит плиталар қайта жаңартыла ма? Әкімдік жуап берді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімдігі тұтас гранит плиталарын жаңарту туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда жарамсыз жағдайға келген саябақтар мен скверлерді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Негізгі мақсат – қала тұрғындарының уақыт өткізуіне қолайлы жағдай жасау. Айта кетсек, әлеуметтік желілерде бүкіл гранит плиталарын жаңарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мәселен, Уәлиханов атындағы саябақ пен Қонаев көшесі жағынан видеокадрларға түскен гүлзарлар мен гранитті плиталардың шамамен 80-85%-ы сақталады, тек сынған және қайта қалпына келмейтін гранит плиткалар ғана ауыстырылады.

Медеу ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы Президент жанындағы Ұлттық Ғылым Ордасының ғимараты - сәулет ескерткішін күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары басталды. Осы жоба аясында іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары да жоспарланған. Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта гранитті плитканы қалпына келтіру мен жөндеу жұмыстары басталды. олар тазалау үшін алынып, кейін қайта өз орындарына қойылады. Тірек қабырғаларының гранит плиталары, сондай-ақ гүлзарлар мен тротуарларды жиектейтін шекаралар бөлшектелмейтінін ескеру маңызды. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары барысында субұрқақтар жүйесі тазаланады. Жұмыстарды биыл қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр, - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.

Осындай жұмыстарды Қонаев көшесі жағынан Ғылым Ордасының ғимаратына іргелес жатқан скверде жүргізу көзделген. Мұндағы гранитті плиталар да қалпына келтіріліп, тазалап, тегістегеннен кейін орнына қайтарылады. Сонымен қатар, алаңда жарықтандыру тіректері орнатылып, бұталар мен гүлзарлар отырғызылады. Аяқталу мерзімі-осы жылдың қазан айында.

Айта кетерлігі, екі нысан бойынша жұмыстар жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Пушкин көшесінің бойындағы скверде жөндеу жұмыстары басталды. Мұнда жарықтандыру тіректері қалпына келтіріліп, А.С. Пушкин ескерткішінің алдындағы төсеніштер ауыстырылады, жасыл екпелердің автоматты суару жүйесі орнатылады, бұталар мен гүлзарлар отырғызылады.

«Зодиак белгілері» субұрқағының айналасындағы гранит плиткалар жақсы, сондықтан алынбайды. Жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады.

Бұған дейін Д.Қонаев атындағы скверде сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары туралы хабарланған болатын. Бүгінгі таңда 26 тірек пен 56 шамды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы