Алматыда гранатаға ұқсас зат алып жүрген ер адам ұсталды

Күдік тудырған азамат Райымбек даңғылында ұсталды.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 15:49
Бүгiн 2026, 15:49
333
Фото: polisia.kz

Алматы полицейлері Райымбек даңғылында күдік тудырған ер адамды ұстады. Оның жанынан пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің 2026 жылғы 14 маусымдағы мәліметінше, тәртіп сақшылары күмәнді әрекет жасаған ер адамды тоқтатқан.

Тексеру барысында оның барсеткасының ішінен пышақ пен сыртқы келбеті гранатаға ұқсайтын зат табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен сапер мамандар шақырылды. Тексеру нәтижесінде тәркіленген заттың оқу-жаттығу гранатасы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды, – деп мәлімдеді полиция.

Ұсталған адамның айтуынша, ол бұл заттарды бұрын тауып алған, ал пышақты тұрмыстық мақсатта өзімен бірге алып жүрген. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

Алматы полициясы азаматтарды өзімен бірге қауіп төндіруі мүмкін заттарды алып жүрмеуге және қару-жараққа немесе оқ-дәріге ұқсас заттарды байқаса, бірден "102" нөміріне хабарлауға шақырады, – делінген хабарламада.

Наверх