Алматыда Гагарин даңғылының атауын өзгерту туралы шешім күшіне енді

17 Шілде 2024, 02:31
3022
Бөлісу:
Алматыда Гагарин даңғылының атауын өзгерту туралы шешім күшіне енді
Фото: ашық дереккөзден

30 мамырда Алматы мәслихаты Гагарин даңғылының бір бөлігі мен бірнеше көшенің атауын өзгертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гагарин даңғылының бір бөлігінің атын өзгерту шешімі күшіне енді. Ақпаратты қала әкімдігі растап, мегаполис мәслихатының бірлескен шешімі екенін түсіндірді.

Құжат 30 мамырда күшіне енді. Алайда Серкебаев даңғылының тұрғындарына (қазір Тимирязевтен Әл-Фарабиге дейінгі даңғыл осылай аталады) бұл туралы хабардар етілмеген. Дегенмен 2GIS және Yandex карталарында атау өзгерген. Осы шешіммен бірге атауы өзгертілген даңғылда тұратындардың мекенжай деректері өзгерді.

"Құқықтық актілер туралы" заңның 53-бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихатының шешімін жібереді. Жоғарыда аталған бірлескен қаулы мен шешім осы жылдың 14-28 мамыр аралығында "Ашық НҚА" порталында жария талқылау үшін жарияланды. 2024 жылдың 30 мамырында күшіне енді, – деп хабарлады әкімдік.

Алматы қаласының әкімдігі "Яндекс" және 2GIS компанияларының өкілдеріне Гагарин даңғылының бір бөлігін қайта атау жөнінде бірлескен қаулы мен шешім жолдады.

Өзгелердің жаңалығы