Алматыда «Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

8 Сәуір 2021, 10:03
1635
Бөлісу:
Алматыда «Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

Алматы, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын мәлімдеді.

Тергеу барысында «Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшылары букмекерлік қызметпен қатар Қазақстан Республикасы аумағында аса ірі мөлшерде, 300 млн теңгеден астам сомада кіріс алумен заңсыз ойын бизнесімен айналысқаны анықталған.

Құмар ойындарға құқыққа қайшы ақшалай мөлшерлемелерді қабылдау Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған. Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР ҚК 307-бабы 3-бөлімі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде табыс алумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылып, екі ұйымдастырушыға шартты түрде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, ал біреуіне 2,4 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша 100 млн теңгеден астам қаражат пен басқа да мүліктер тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы