Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтеді

25 Қаңтар 2021, 21:05
1699
Бөлісу:
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 5 ақпанында Алматы қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысы өтеді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдің үкімет басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы қатысады. ЕАЭО бақылаушы мүше-мемлекеттері - Молдова, Өзбекстан және Кубаның қатысуы да жоспарланған.

ЕҮАК отырысы шағын және кеңейтілген форматта өтеді. Оның күн тәртібіне сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ішкі нарықтың жұмысына жол бермейтін кедергілерді жою, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті дамыту мәселелері кіреді.

Сол күні ЕҮАК отырысына қатысушылар инновациялық және технологиялық кәсіпкерлікті қолдау және ынталандыру мақсатында цифрлық экожүйелердің өзара іс-қимылына арналған «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық форумына қытысады. Форумға аталған саланың жетекші ғалымдары мен сарапшылары шақырылған.

БАҚ өкілдеріне аккредитациядан өту мақсатында ү.ж. 28 қаңтарына дейін белгіленген нысанға сәйкес тиісті ақпаратты r.kuspanov@mfa.kz электрондық поштасына жолдау қажет, жауапты қызметкер - Рахат Құспанов, ұялы тел. +77015579912. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға байланысты баспасөз орталықтарында орын саны шектеулі.

Барлық БАҚ өкілдері үшін COVID-19 теріс ПТР тесті бар анықтамасы болуы міндетті, оны 2021 жылдың 3 ақпанынан ерте тапсыру қажет екеніне назар аударамыз. Анықтаманың түпнұсқасын (қағаз түріндегі нұсқасы) іс-шаралар өткізілетін орындарға келген кезде ұсыну қажет.

Өзгелердің жаңалығы