Алматыда есірткі сатқан диджей ұсталды

10 Сәуір 2023, 12:16
595
Бөлісу:
Алматыда есірткі сатқан диджей ұсталды
Фото: examen.ru

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде диджей есірткі сатқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Арнайы операция Алматының түнгі клубтарының бірінде өткізілді. Жедел уәкілдер мен полицияның арнаулы күштері ойын-сауық мекемесінде синтетикалық есірткі сатумен айналысатын есірткі сатушыны ұстады. Жеке тінту жүргізу кезінде күдіктіден орама тәркіленді, - деп атап өтті министрлік өкілі.

Айтуынша, оның ішінен ақ ұнтақ түріндегі синтетикалық препараттар шықты.

Бұрын күдіктінің жақын маңдағы түнгі клубта диджей болып жұмыс істегені анықталды. Сонымен қатар оның тонау қылмысына байланысты жазасын өтеп шыққаны белгілі болды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырауда сүңгуірдің есірткі сатумен айналысқаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы