Алматыда ертеңнен бастап жаңа автобустар жолға шығады

16 Қараша 2022, 00:23
8082
Бөлісу:
Алматыда ертеңнен бастап жаңа автобустар жолға шығады

Алматыда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 16 қарашадан бастап №14 маршрутқа 15 жаңа автобус шығарылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, соңғы айларда аталған маршрутта жоспарлы шығу 30-40%-ға дейін төмендеп кетті. Сол себепті қызмет көрсетуді басқа тасымалдаушы компанияға беру туралы шешім қабылданды.

16 қарашадан бастап №14 маршрутқа 15 жаңа автобус шығарылатын болады. Басқарма қызмет көрсету сапасын жақсартып, жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатыр. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады, - деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар алдағы уақытта жаңа автобустардың санын 18-ге жеткізу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы