Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқармасы Жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова онлайн брифинг барысында ҰБТ-ны өткізуге дайындығы туралы баяндады.
Оның айтуынша, 6 мамыр күні биылғы және өткен жылдардағы қала мектептері түлектері арасында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында халық көп жиналатын орындарға бару қажеттілігін болдырмау үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін түлектердің өтінішін қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының сайтында онлайн тіркеу арқылы жүзеге асады. Оған қоса бұл бітіруші республика бойынша ҰБТ тапсыратын орынды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, - дейді ол.
Сонымен қатар ол ҰБТ тапсырудағы биылғы ерекшеліктерді атап өтті.
Өткен жылдардағыдай емес, биыл ҰБТ өтетін орын біреу ғана. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің базасында өтеді. Тест өткізу форматы тек электронды түрде «бір тестіленуші, бір компьютер, бір камера» принципі бойынша өтеді. Бір күнде 2 лек қатысады, түске дейін және түстен кейін. Отыратын орындардың ең көп саны 300, - деді Айтуарова.Биыл ҰБТ алғаш рет наурыздан маусымға дейін өткізіліп отыр. 10 наурыз бен 26 сәуір аралығында ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін еркі бойынша өткізілген, 6 мамырдан 30 маусымға дейін білім беру грантын тағайындау үшін ҰБТ өтеді.
Биыл алғаш рет түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыру және ҰБТ-ның ең үздік нәтижесімен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу құқығы беріледі, - деді ол.ҰБТ-ның жалпы ұзақтығы аппеляцияны есепке алғанда 4 сағат 30 минут (270 минут). Тестілеу уақыты - 240 минут. 60 минуттық тестілеуден кейін көзге арналған жаттығулар үшін үзіліс және дене шынықтыру үшін 2 минут беріледі. 120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 15 минут үзіліс беріледі; 180 минут тестілеуден кейін көзге арналған жаттығулар мен дене шынықтыру жаттығулары үшін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.
Оқи отырыңыз: