Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорт орталығы салынады

29 Тамыз 2024, 20:34
423
Бөлісу:
Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорт орталығы салынады
Фото: @almaty_akimat

Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорт орталығы салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа спорт орталығын салу жоспарланып отыр. Ол Райымбек батыр даңғылы, 312 мекенжайында орналасады. Орталықта екі бассейн, сонымен қатар сауықтыру және жаттығу бөлмелері болады. Нысан бір ауысымда 144 адамды қабылдай алады. Құрылыс 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталып, жыл соңына дейін аяқталады.

Сонымен қатар, Алмалы ауданында 2010 жылдан бері жаңартылмаған екі әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығында 1-ші блоктағы жөндеу жұмыстары желтоқсанда, ал 2-ші блокта жұмыстар 2025 жылдың наурызында аяқталады.

Сондай-ақ, осы жылдың желтоқсан айында №3 емханаға жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл жобалар аудандағы медициналық және сауықтыру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы