Алматыда ер адамды дубинкамен ұрып жатқан видео тарады

9 Сәуір 2025, 11:56
1485
Бөлісу:
Алматыда ер адамды дубинкамен ұрып жатқан видео тарады
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметті желіде тараған бейнежазбадан қара футболка киген ер адамның жерде жатқан адамды басынан теуіп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай- ақ дубинкаға ұқсас затпен бірнеше рет ұрып жатқаны анық көрінеді.

Зардап шеккен адам айқайлап, қашып кетуге тырысқанымен, бұл әрекеті сәтсіз болды. Оқиға орнына жақын орналасқан подъезден екі ер адам шыққан, олардың бірі жасы үлкен адам болған. Жағдайды тоқтатпақ болған бұл азаматқа да шабуылдаушы дубинкамен және жұдырықпен бірнеше соққы жасаған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Бұл оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізді. 35 жастағы жергілікті тұрғын анықталды, ол бұрын таныс адамдармен жанжалдасып қалғанын хабарлады. Ер адам арыз жазудан бас тартты. Сонымен бірге, шабуыл жасағандардың жеке басы анықталып, олардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, шара қолданылатын болады, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Өзгелердің жаңалығы