Алматыда ер адам түрмеге 11 телефонды лақтырмақ болған

17 Тамыз 2021, 22:34
4824
Бөлісу:
Алматыда ер адам түрмеге 11 телефонды лақтырмақ болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/4 мекемесінде ер адам телефондарды лақтыруға тырысты, деп хабарлады Polisia.kz. 

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/4 Жауғашты кентінде орналасқан әйелдер колониясына 35 жастағы ер адам күзетілетін объектінің аумағына скотчпен оралған екі түйіншекті лақтыруға әрекет жасаған. 

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында заңсыз әрекет уақтылы тоқтатылды. 

Оқиға орнына келген кезде жедел-тергеу тобы сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттар, атап айтқанда 11 ұялы телефон, 11 сим карта және бес зарядтау болған құрылғылары баросы түйіншектерді ашты. 

Аталған факті бойынша Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ер адамға қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді, – деп атап өтті Алматы облысы ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.
Өзгелердің жаңалығы