Алматыда ер адам Сайран көліне батып кетті

1 Маусым 2021, 15:55
20701
Бөлісу:
Алматыда ер адам Сайран көліне батып кетті

Алматы, BAQ.KZ. Құтқарушылар кешеден бері Сайран көліне батып кеткен адамның денесін іздеп жатыр. Бұл туралы қалылық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, ер адам 31 мамыр күні сағат 17.30 шамасында көлге шомылып, содан оралмаған.

Куәгерлер 25-30 жас шамасындағы жігіттің судан оралмағанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша ол достарымен бірге жағалауда ішімдік ішкен және мас күйде болған. Хабар алысымен Алматы құтқарушылары іздестіру жұмыстарын бастады және ол әлі де жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда көлге келіп демалушылар көп, жағалау 50%-ға толған. Адам суға батып кеткен жерде 4 водолаз бен 2 қайық іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ТЖД суға шомылу орындарында қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы