Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ер адам травматикалық тапаншадан ерлі-зайыптыға оқ атты, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияның хабарлауынша, Жетісу-4 шағын ауданындағы айырбастау пунктінің маңында қарақшылық шабуыл жасалды.
Белгісіз адамдар валюта айырбастау пунктінен шыққан ерлі-зайыптыға шабуыл жасады. Олардың сөмкесінде ақша бар деп ойлаған, алайда ол бос болып шықты. Ерлі-зайыптыға травматикалық тапаншадан оқ атқан. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, – деді Әуезов ауданы полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.
Шабуыл жасаған адамды арнайы жедел-тергеу тобы іздеді. 40 жастағы күдікті Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде ұсталды. Ол Алматыға жеткізіліп, қамауға алынды.
Қарақшылық шабуыл сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.