Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді

3 Маусым 2021, 10:21
2262
Бөлісу:
Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді

Алматы, BAQ.KZ. Сәуір-мамыр айында тәулігіне 700-ден астам адамнан коронавирус анықталса, 2 маусым күні 203 науқас қана тіркелген.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вирус анықталған 203 адамның 158-де симптомдық белгі бар болса, 45-і - симптомсыз.

Өткен тәулікте 161 адам емделіп шықты, ал келіп түскендер саны – 109. Барлық инфекциялық стационарларда 1 371 адам бар, оның 50-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 101 науқас бар. БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 1 547 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 321, симптомсыз 226 науқас бар, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен тәулікте қала бойынша 1 817 адам вакцина алған. Жалпы, 1 ақпаннан бері Алматыда 309 798 адам екпе салдырған

Бүгінде қаланың медициналық ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СО-да 212 вакцинация пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы