Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты – Бекшин

5 Қазан 2020, 17:06
1407
Бөлісу:
Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Өткен тәулікте өсім көрсеткіші 0,006%-ды құрады. Таралу индексі 1-ден төмен. Тәулігіне коронавирус инфекциясы ауруының симптомсыз 1 жағдайы және этиологиясы анықталмаған пневмонияның 0,1 жағдайы тіркелді, - деді Бекшин.

Биыл қыркүйек айында барлығы 165 КВИ жағдайы тіркелді. Оның ішінде 106 симптомды және 59 симптомсыз. Сондай-ақ, этиологиясы белгісіз 194 пневмония жағдайы анықталды. Эпидемиологиялық зерттеулер барысында КВИ ошақтарында 305 байланыс анықталды. Оның 3 жағдайы ПТР әдісімен анықталды.

Оның айтуынша, озық зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, бұрын анықталған пневмонияның 48,4%-ға жуығы, яғни 247 пациенттің қорытынды сараптамалары тереңірек зерттелді. Зерттеу барысында 35 (14%) COVID-19 диагнозы анықталса, 87 (35%) бактериялық пневмонияны көрсеткен. 

Мектеп оқушылары мен Алматы қаласы тұрғындары арасында КВИ таралуын болдырмау үшін мектеп оқушылары үшін қашықтықтан оқыту форматы енгізілді. Сонымен қатар, ата-аналары қадағалауға мүмкіндігі жоқ балалар үшін 178 мектепте 12 мың оқушыға арналған 917 кезекші сыныпта барлық профилактикалық іс-шараны сақтай отырып білім алуға жол берілді (9,8% бастауыш сынып оқушылары). Сондай-ақ, оқушылар саны аз 10 мектеп пен 8 мектеп-интернат қалыпты жұмыс істеуге рұқсат етілген. Оқу басталғанға дейін арнайы мобильдік топтар білім беру объектілерін дайындық актілері берілді. Тексерулер кезінде анықталған карантиндік режимнің бұзушылықтары сабақ басталғанға дейін жойылды.

Кезекші топ оқушылары мен мұғалімдер арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру фактілері анықталған жоқ, - деп атап өтті Бекшин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып. 

Қыркүйек айында мектеп оқушылары арасында КВИ-дің 7 жағдайы тіркелгені, олардың барлығы қашықтан оқу кезінде ауырып, бір-бірімен эпидемиялық тұрғыда байланысы жоқ екені хабарланды. 4 оқушы инфекцияны ауырған туыстарынан жұқтырса, 2 оқушы ЖРВИ белгілері бар емдеу мекемелеріне жүгінген кезде, 1 оқушы бронх демікпесінен санаториялық емдеу алдында профилактикалық тексеру кезінде анықталды. Осыған байланысты мегаполистің бас санитар дәрігері ата-аналарды балалар арасында алдын алу шараларын күшейтуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы