Алматы, BAQ.KZ. Кеше Алматыда 382-і адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, оның 346 симптомдық белгілері бар және 36 симптомсыз. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, кеше қала ауруханаларынан вирус жұқтырған 33 науқас шығарылған, ал келіп түскендер саны – 55.
Инфекциялық стационарларда жалпы саны 1 211 адам емделіп жатыр, оның 77-сі бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 89. ӨЖЖ – 23, инвазивті емес ӨЖЖ – 28, High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 4 703 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 4 411, симптомсыз науқастар 292.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 415 адам, 2-компонетін 915 адам салдырған.
Жалпы қала бойынша вакцинаның 1-компонентін 1 125 275 адам, 2-компонентін 1 075 950 адам алды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 124 326 адамды құрайды. Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 49 016 адам, оның ішінде 2 551 жүкті әйелдер, 10 776 емізулі аналар және 35 689 балалар мен жасөспірімдер егілді. 207 296 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті,-делінген хабарламада.