Коронавирус: Алматыда эпидахуал ұшығып тұр

5 Тамыз 2021, 17:40
3554
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда эпидахуал ұшығып тұр

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 4 тамыз күні қала бойынша коронавирустық инфекцияның 1570 жаңа жағдайы тіркелді, оның 1455 симптомдық белгімен және 115 симптомсыз.

Барлық емделіп шығарылғандар – 538, келіп түскені – 687. 

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Инфекциялық стационарларда 5 045 адам ем қабылдап жатыр, оның 204-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 369 науқас жатыр. ӨЖЖ – 29 науқас, инвазивті емес ӨЖЖ – 156, High flow аппаратының көмегімен 146 науқас демалуда, - делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 10 645 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 10 045, симптомсыз 540 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша өткен тәулікте вакцинаның 1-компонентін 7 109 адам, 2-компонентін 12 479 адам салдырған.

Өзгелердің жаңалығы