Алматыда элиталы тұрғын үй тұрғызған жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр

8 Желтоқсан 2020, 07:08
1250
Бөлісу:
Алматыда элиталы тұрғын үй тұрғызған жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешенін салған жұмысшылар жарты жылдан бері жалақысыз жүр. Құрылысшылар енді сотқа арызданбақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

70-тен астам жұмысшы жалақы алмаған. Олардың кейбіріне компания 3 млн теңгеден қарыз екен. Араларында көпбалалы аналар да бар. Амалы таусылған жұмысшылар енді ақпарат құралдарынан араша сұрап отыр. Кәсіпорын басшысының айтуынша, жалданған мекемелер құжаттарды дұрыс рәсімдемеген көрінеді.

Жалақы қағаз реттелген соң төленеді. Қаражатты беруге дайынбыз. Құжатты бізге алып келсе, оны жабамыз. Ақшаны аударып береміз, - дейді серіктестіктің бас директоры Берік Жұмабаев. 
Ал тапсырыс берушінің сөзін мердігерлер теріске шығарып, құжаттар уақытында тапсырылғанын айтты.
 
Өзгелердің жаңалығы