Алматыда «Ел бірлігі» марапаттау рәсімі өтті

2 Желтоқсан 2023, 18:17
698
Бөлісу:
Алматыда «Ел бірлігі» марапаттау рәсімі өтті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда «Жастарға жол» қоғамдық қоры «Қазақстанның балалар үйі түлектері қауымдастығымен» бірлесіп, «Ел бірлігі» марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты жиында әлеуметтік мекеменің түлектеріне тікелей қолдау білдіріп жүрген азаматтар сый-сияпатқа ие болды.

Айта кетейік, қауымдастық жастар жылы аясында ашылып, қазір игі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Ересек өмірге қадам басқан жастардың білім алып, жеке кәсіп ашуына қолдау көрсетіп жүрген ұйым еліміздің барлық аймағында белсенді. Қоғамдық қор президенті Рафаэль Гасанов елдегі мемлекеттік органдармен байланыс орнатып, жастарды қолдауға бағытталған жобалардың үздіксіз жүзеге асатынын айтты.

Әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғамға бейімделуі. Осы ретте тынбай еңбек етіп, қол ұшын созып жүрген жандар бүгін марапатталып жатыр. Балалар – біздің болашамыз. Оларға тәлім-тәрбие беріп, елеулі азамат болуына үлес қосу бәріміз үшін маңызды, – деді «Жастарға жол» қоғамдық қорының президенті Рафаэль Гасанов.

Өзгелердің жаңалығы