Алматыда екі жас турист құтқарылды

Алматыда құтқарушылар тауда адасқан тағы бір ер адамды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 25 Тамыз 2024 2024, 15:11
25 Тамыз 2024 2024, 15:11
729
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда құтқарушылар тауда адасқан тағы бір ер адамды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 тамызда Іле Алатауы Қарғалы өзенінің бойында Үшқоңыр және Жайлау шатқалдарының арасында 3 адам демалып жүрген. Олардың біреуі, 1991 жылы туылған ер адам өзен бойымен жоғары көтерілуге бел байлап, қайта оралмаған. Келесі күні достары құтқарушылардың көмегіне жүгінді. 

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы оқиға орнына жедел келіп, тәуліктің қараңғы уақытына және дауылды желге қарамастан туристі іздестіруге кірісті. 12 сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін 25 тамызға қараған түні құтқарушылар ер адамды тапты.

Наверх