Алматыда аса айуандықпен өлтірілген екі баланың мәйіті табылды. Олардың әкесі өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы ПД сілтеме жасап.
8 және 12 жастағы ер балалардың денесі жалға алынған пәтерде пышақ жарақаттарымен жалға алынған пәтерден анықталған.
Жақындары 39 жастағы олардың әкесі өз ұлдарын пышақтады деп күдіктенуде. Оның алдында ер адам бұрынғы әйеліне хат жазып қалдырған.
Балаларды қинап өлтіргеніне айғақ – екеуінің де тамағы кесілген. Қолдары байлаулы күйінде табылды. Әдетте қайтыс болғандардың қолдары бос жатса, оларда бәрі жабық... Қарау мүмкін емес. Көршілер балалардың қатты айғайлағанын естіген, полицияны да солар шақырған, - дейді туыстары Валентина Осина.
Қылмысын әкелері телефонға түсіріп, әпкесі мен бұрынғы әйеліне жіберген. Қылмыс жасаған соң өзіне де пышақ жарақатын салған, бірақ тірі қалды.
Туыстары ерлі-зайыптылар тоғыз жыл бұрын ажырасып кетсе де, әжелері және балаларымен бірге бір пәтерде тұрғандарын алға тартты. Ер адам бір жыл бойы еш жерде жұмыс істемеген.
Белгілі болғандай, қайғылы оқиға орын алған күні әкесі балаларды емханаға апарамын деп алып кеткен. Ал шын мәнінде жалға алған пәтерге әкеткен. Дәл сол жерден оқушылардың денесі табылды.
Аталған факт бойынша Алмалы ауданы Полиция басқармасы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бөлім 99-бабы бойынша тергейді, - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Күдіктіге 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.