Алматыда екі учаскеге құрылыс жүргізуге тыйым салынды

2 Ақпан 2022, 14:16
1672
Бөлісу:
Алматыда екі учаскеге құрылыс жүргізуге тыйым салынды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы екі учаскеде құрылыс жұмыстарын тоқтата тұруға шешім шығарды. 

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғындар көтеріп келген мәселелер аясында Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қазандағы тапсырмасына сәйкес, қаладағы жер телімдерінде құрылыс жүргізуге тыйым бар екенін хабарлады.

Бірақ қолданыстағы заңнама мен Мемлекет басшысының тапсырмасын бұзып жатқан заңсыз әрекеттер анықталып отыр. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаев барлық мән-жай анықталғанға дейін белгілі нысандарда (19 учаске), оның ішінде Самал-3 шағын ауданы мен Достық, 125 учаскелері орналасқан аумақта жүріп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада. 
 

Өзгелердің жаңалығы