Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты (ВИДЕО)

Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

 видеодан скрин 15 Қараша 2026, 11:12
15 Қараша 2026, 11:12
128
Фото: видеодан скрин

Алматы қаласының Алмалы ауданында Брусиловский көшесіндегі екі қабатты ғимараттан өрт шықты. Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған. Сонымен қатар оттың жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі болған.

Өртті сөндіру үшін дереу арнайы оқпандар беріліп, жоғары дәрежедегі күштер мен құралдар тартылған. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылған.

Қазір жағдай өрт сөндірушілердің бақылауында. Тілсіз жауды толық ауыздықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.

Наверх