Алматы, BAQ.KZ. Алматыда екі мыңнан астам полиция қызметкері Covid-19-ға қарсы вакцинацияланды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы полициясы қызметкерлеріне вакцина салу осы жылдың 10-шы наурызында басталды. Бір апта ішінде екі мыңнан астам тәртіп сақшысы екпе салдырған.
Бірінші кезекте – қатардағы бөлімдердің қызметкерлері: патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар және тәулік бойы кезекшілік ететін және алдыңғы қатарда тұрған ювеналды полиция өкілдері. Әрі қарай вакцинаны аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлері алды, олар да тұрғындармен тығыз байланыста. Мақсат – жеке құрам арасында жұқтыру мен коронавирустық инфекцияның таралу қаупін болдырмау. Арнайы кесте жасалды, қызметкерлер қаланың әртүрлі емханаларына бөлінді – бұл өте ыңғайлы және кезектердің пайда болуын болдырмайды, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуали Нашарбеков.
Оның айтуынша, полицейлер үшін вакциналар жеткілікті. Наурыз айының соңына дейін Алматы қалалық ПД жеке құрамына вакцина егу жоспарланған.