Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында айтты.
Метроның бірінші желісінің екінші кезеңінің екінші іске қосу кешенінің құрамына енетін «Сарыарқа» және «Достық» бекеттері ұзындығы 3,1 км метро желісін қамтитын құрылыс жалғасуда. Қазір мұндағы дайындық 80%-ды құрайды. Жыл соңына дейін трафикті тестілік режимде іске қосу жоспарлануда, - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, 3,1 км метро желісі Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Момышұлы көшесінен өтеді.
Қазіргі кезде бекеттерді ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру, сыртқы және ішкі инженерлік желілер мен автоматика жүйелерін жабдықтау, сигнал беру және байланыс, технологиялық жабдықты орнату жұмыстары жүруде.
Бұдан өзге 2020 жылы ұзындығы 2,5 шақырымға созылған Қалқаман бекеті және жұмыс істейтін тоннельдерді қамтитын Алматыдағы метрополитеннің екінші кезеңінің үшінші іске қосу кешенінің құрылысы басталды, оның құрамына Алматы метрополитенінің екінші кезеңінің Қалқаман бекеті және ұзындығы 2,5 км қума тоннельдер енеді, - деді ол.
Сонымен қатар қаланың перспективалық дамуын ескере отырып, батыс бағытта халықаралық әуежайға, солтүстік және оңтүстік бағытта метрополитен салу жобалары қарастырылуда.
Бұдан өзге, 8 жаңа электр пойыз составтары сатып алынып жатыр. Екі бекет іске қосылса, онда жолаушылар ағыны тәулігіне 86 мың адамға артады деп болжанып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев «Қалада LRT құрылысы бастала ма?» деген сауалға жауап берді.