Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан ер адам ұсталды

13 Тамыз 2025, 06:35
490
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Алматыда Дженнифер Лопестің өткен жексенбіде өткен концертіне жалған билеттер сатқан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке слтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ер адам интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, екі жалған билет сатқан. Киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы мен Бостандық аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні жедел ұстаған.

“Заң мен тәртіп” қағидаты бізден мұндай деректерге жедел әрекет етуді талап етеді. Азаматтардың ақшасын алдап иемденуге тырысқандар анықталып, жауапқа тартылады. Билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды ұсынамыз, - деді басқарма бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы