Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қаңтарда «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексерген.
Жолаушылардың сөмкелерін тексеру кезінде Ақтау қаласының 3 тұрғынынан Алматы қаласындағы Mon Amie дүкенінің тауарлары табылды. Бұл – 30 дана әтір суы, 55 дана косметикалық бұйым. Тексеру іс-шарасы теміржолдың күзет фирмасы мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірге жүзеге асырылды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлімінің 3) тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мейірбек Өтеғали.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіден атыс қаруы тәркіленгенін хабарланған болатын.