Алматыда дрондар шоуы өтті

Алматыда 850 дронның көмегімен Республика күніне орай анимациялық шоу ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.

 Алматы қаласының әкімдігі 26 Қазан 2024 2024, 03:15
26 Қазан 2024 2024, 03:15
1220
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда 850 дронның көмегімен Республика күніне орай анимациялық шоу ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.

25 қазанда Алматыда Республика күнін мерекелеуге орайластырылған дрондар шоуы өтті. Қаланың мыңдаған тұрғыны мен қонағы ұмытылмас көріністі тамашалау үшін Абай алаңы мен Астана алаңына жиналды, - делінген хабарламада.

Абай алаңынан 500-ден астам дрон синхронды түрде көкке көтеріліп, бірегей 3D визуалды бейнелер жасады. Инсталляциялар ұлттық мәдениеттің элементтерін және ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелеп, бірлік пен мақтаныш рухын ерекше бейнеледі. Жарық шоуы музыкалық шығармалармен сүйемелденді.

Наверх