Алматыда «дельта» штамының таралуы 78%-ға жетті

2 Шілде 2021, 18:22
2162
Бөлісу:
Алматыда «дельта» штамының таралуы 78%-ға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. 

Оның айтуынша, мегаполистегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне болжам бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден тасымалданған «дельта» штамы себеп болып отыр.

Бекшиннің айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық ахуал және инфекцияның таралуына жол бермеу карантиндік шараларды сақтауға және мегаполис тұрғындарының вакциналану қарқынына тікелей байланысты.
46 сынаманың 36-сында «дельта» штамы, 8-інде «альфа» штамы және 2-еуінде – ашылмаған мутация анықталды. Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал коронавирус дертіне шалдыққандарды зерттеу барысында анықталған 78% үлгісінде COVID-19 жаңа «дельта» штамына байланысты болуда, – деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитарлық дәрігері қала тұрғындары мен қонақтарын халық көп жиналатын орындарға бармауға, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауға шақырды. Себебі коронавирустың жаңа штамының тез таралатынын алға тартып, абзалы вакцина салдыру екендігін еске салды.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада соңғы екі аптада жағдайдың ушыққанын, соған орай эпидемиологтар дабыл қағып жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы