Алматыда дәрігерлер 11 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш алып шықты

6 Ақпан 2023, 14:32
1176
Бөлісу:
Алматыда дәрігерлер 11 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш алып шықты
PHOTO
Фото: eyeinst.kz

Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында асқазанында көп шаш жиналған 11 жастағы балаға шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ  Zakon.kz сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың іші ауырып, бір апта бойы құсып, тәбеті болмады, оны жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызылғанға дейін қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем қабылдаған.

Ақпанның 1-інде бала жедел аппендицитке күдікпен қабылдау бөліміне жеткізілді, оның диагнозы динамикалық бақылау барысында жоққа шығарылды, - дейді БШМККО іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Алматыда дәрігерлер 11 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш алып шықты

Қызға шұғыл түрде іш қуысы мүшелеріне УДЗ, эзофагогастродуоденоскопия жасалды.

Өзгелердің жаңалығы