Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

13 Қазан 2020, 17:05
2588
Бөлісу:
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы тұрғындары «Бюджетке қатысу» жобасы арқылы өздеріне қажетті нысандарды салдырып жатыр.

Бүгін қала әкімдігі ұйымдастырған пресс-тур аясында бірнеше ауданды аралап, аталған жоба аясында салынған нысандарды көріп қайттық. 

«Бюджетке қатысу» жобасы жайлы айтар болсақ – бұл қала тұрғындарының бастамасы мен ұсыныстары арқылы ауданды көркейтіп, дамытуды көздейтін жоба. Мәселен, Еуропаның дамыған елдерінде азаматтар тұрғылықты жерінде балабақша, емхана жетіспей жатқанын айтып, соны салуға ұсыныс жасайды. Оған қоса соның құрылысына бөлінетін бюджет қаражатын тиімді жұмсауға атсалысады. Біздегі жобада ондай үлкен нысан салу әлі қамтылмаған, дегенмен аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, арықтар салу, саябақтар, гүл бақтары, жаяу жүргіншілер аймақтарын жөндеу және жарықтандыру, аулаға жаттығу мен ойын алаңдарын салу сияқты талаптар кірген. Тұрғындардың осындай бастамаларын сарапшылар, Алматы қаласы қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және Үкіметтік емес ұйым өкілдері қарап, талқылайды.

Сонымен қатар, тұрғындар қала бюджетін дауыс беру арқылы қайда жұмсау керектігін анықтайды. Егер бәрі бір жобаны бірауыздан қолдаса, ол қала бюджеті арқылы іске асырылады. Тағы бір айта кетерлігі бір өтінім 55,5 млн теңгеден аспауы керек. Биыл қала бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 6,4 млрд теңгені құраған. Әрбір ауданға бөлінген қаражат – 800 млн теңге. Былтыр әр ауданға 500 млн теңгеден бөлінген.

Медеу ауданы
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Медеу ауданын Самал-1 ықшамауданында аталған жоба аясында биыл жаңа сквер пайда болды. Тұрғындардың бастамасымен бос жатқан аумақ пен шағын тротуар абаттандырылып, әдемі демалыс орнына айналған.

Медеу ауданы әкімі аппаратының Көріктендіру бөлімінің басшысы Мақсұт Нұрғалиев бұл жерде бұрын 1,5 метрлі жаяу жүргінші жолы мен бір демалу орындығы болғанын айтады.

Жаңа сквердің авторы осы жердің тұрғындары. Олардың ұсынысы мен осы аумақ абаттандырылып, жаттығу жасау құралдары, орындықтар қойылды. Ескі жаяу жүргіншілер жолы күреліп, орнына брусчаткалар төселді. Оған қоса осы аумаққа Led шамдар қойылды. Бос жатқан жерлер көгалдандырылып, су тартылды, - дейді ол.

Аймақты абаттандыру жұмыстары осы жазда, екі ай уақыт ішінде жасалған. Сондай-ақ, 7 демалу орындығы, қоқыс жәшігі мен 18 шам қойылған. Нысанды салуға бюджеттен 27 миллион теңге бөлінген.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Көріктендіру бөлімінің басшысы бұл ауданда осындай тағы 2-3 нысан бітуге жақын қалғанын айтты. Олар келесі аптада пайдалануға беріледі.

Тұрғындар жаңа сквердің пайда болғанына қуанып, алғыстарын білдіріп жатыр. Қамзира Жасағанбергенова атты тұрғынның айтуынша, жаңа демалыс орны жасалғалы бұл аумақ жиі тазаланатын болған.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Бұрын бос жатқан жер көп тазалана бермейтін. Қазір таза, демалуға ыңғайлы өз алаңымыз бар. Бұл аумақты әкімдікке қарайтын қызмет тазалап отырады. Алайда, үйдің аулалары жөнді тазаланбайды. Ол Пәтер иелері кооперативіне қарайды екен. Соны тексеріп, жөнге салса жақсы болар еді, - дейді тұрғын.

Түрксіб ауданы

«Бюджетке қатысу» жобасы аясында Түрксіб ауданындағы Бекмаханов пен Спасская көшелерінің қиылысында футбол және балалар ойын алаңы ашылған. Оны салуға 23 млн теңге жұмсалыпты.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Аталған ауданның Көріктендіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Райхан Нұрпейісованың айтуынша, ауданда «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 5 нысан іске асырылған. Оларға бюджеттен 55 млн теңге бөлінген.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Мына жерде футбол және балалар ойын алаңы салынды. Оған қоса қоқыс тастайын жәшіктер мен демалуға арналған орындықтар қойылып, жарықтандырылды. Құрылыс жұмыстары мамыр айынан басталып, үш айда толығымен салынып бітті. Мұның барлығы осы жерде тұратын халықтың бастамасымен және ұсынысы бойынша салынды, - дейді ол.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Пайдалануға берілгеніне көп болмаса да жаттығу алаңындағы кейбір құрал майысып, құлау алдында тұр. 

Мамандар оны мердігер компаниялар қайта қалпына келтіретінін айтты. 

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Алайда, жаңадан салынған алаңды ұқыпты ұстау тұрғындардың өзіне байланысты екені белгілі. 

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Жаңадан салынған нысандарды әсіресе жасөспірімдер қирататын көрінеді. 

Мәселен, бір адамға арналған турникке бірден 2-3 адам тартылып, құралдарды қалай болса-солай пайдаланады. 

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Сондықтан кейбір спорттық жарақ майысып қалған. 

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Бұл жерде адамдардың әр нәрсеге өзінің затындай қарау мәдениеті жетіспейтін сияқты. Кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың «бізде үйдің есігін жапқан сәттен үй ұғымы аяқталып қалады» деген сөзі бар. Яғни, үйдің ауласы, көше, тіптен қала өз үйіміз екенін естен шығарып аламыз. Егер айналамыздағы заттың бәріне өз үйіміздікі деп қарасақ, оны қиратуға жол бермес едік.

Жетісу ауданы

Жетісу ауданында да бос жатқан жерге демалыс орны мен жаттығу жасау алаңы салынған. Оған бюджеттен 69 миллион теңге жұмсалыпты. 

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Аудандық әкімдіктің Көгалдандыру бөлімінің бас маманы Ернар Батыров бұрын бұл жер бос жатқанын айтады.

«Бюджетке қатысу» жобасы аясында бұл аумаққа не салсақ деп тұрғындардың ұсыныс, тілектерін тыңдадық. Нәтижесінде балалар ойын алаңы, тренажерлер, жарық шамдары мен демалу үшін орындықтар қойылды. Сондай-ақ, шахмат ойнайтын күрке тұрғызылды. Жалпы 2,5 мың шаршы метр аумақты қамтитын осындай алты жоба іске асырылып жатыр, - дейді Батыров.
Тұрғындар бұл аумаққа спорт нысандары қойылғалы жастар уақыттарын тиімді пайдаланатын болды дейді.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Бұрын бұл жер бос жатқандықтан қаңғыбастар мен ішімдікке салынған маскүнемдер көп жүретін. Тұрғындар үшін спорт кешенін салғаннан бері бұл жер нағыз адамдар демалатын орынға айналды. Жастар кешке жиналып спортпен айналысады. Бұл оларды темекі шегіп, ішімдік ішу сияқты жаман әдеттен қорғайды. Сол үшін әкімдікке алғыс айтамын, - дейді қала тұрғыны Алмас Оразалиев.
Тұрғын аталған нысан «Бюджетке қатысу» жобасы аясында салынғанын естігенімен, оған қатыспағанын айтады.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Бұрын мен Розыбакиев көшесі бойында тұрдым. Ата-анам әлі сонда тұрады. Қазір олар әкімдікпен бірлесіп осындай спорт алаңын салуды жоспарлап отыр. Яғни, ол қандай болатынын сызып, жобасын жасап қойыпты. Енді әкімдік аталған жоба аясында соны салып бермекші. Бұл жоба халық үшін өте тиімді, - дейді ол.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Наурызбай ауданы

Наурызбай ауданы әкімдігінің Көгалдандыру бөлімінің бас маманы Оңалбек Қыдырбаев «Бюджетке қатысу» жобасы аясында аталған ауданда 6 балалар ойын алаңы салынғанын айтады. 

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Жақында ғана Қалқаман-2 ықшамауданындағы Ақтамберді жырау көшесі бойында спорт және балалар ойын алаңы пайдалануға берілген.

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Ойын алаңы салынған жер бұрын бос жатқан. Кейін тұрғындардың ұсынысымен баскетбол алаңы, скейтборт және кішкентай балалардың ойын алаңы салынды. Құрылыс жұмыстары тамыз айының басында басталып, 1,5 ай ішінде толығымен салынып бітті. Осы аудан бойынша 6 нысан салынды, оған бюджеттен 96 миллион теңге бөлінді. Жалпы жасалған жұмысқа халық риза, әлі күнге дейін алғыс айтып жатады, - дейді Оңалбек Қыдырбаев.
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Сонымен қатар, ол аталған ауданда балалар ойын алаңы өте аз екенін айтады. Сондықтан мұндай алаңдар әлі де бой көтермек.

Келесі жылға бізге осындай жоба бойынша 58 өтініш келіп түсті. Сондықтан осы жұмыспен тоқтамаймыз, әлі де осындай алаңдарды салу жоспарда бар, - дейді ол.
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Осы ауданның тұрғыны Күзипа Нақипова ойын алаңы балалар үшін үлкен сый болды деген ойын білдірді.

Біздің ауданда балалар ойнайтын алаңдар жоқ десе де болады. Осы маңдағы балалардың бәрі осында келіп ойнайды. Әкімдік салған бұл нысандардың игілігін көріп жатырмыз. Күнделікті екі немеремді ойнға алып келемін. Карантин болған соң балалар ешқайда шыға алмайды, үйде әбден зерікті. Сол үшін бұл ойын алаңы бізге жақсы болды, - дейді тұрғын.
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы қалай іске асып жатыр?

Алматыда алдағы жылға «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінішдерді қабылдау мерзімі ұзартылған. Тұрғындар өздерінің жобалық ұсыныстарын 2020 жылдың 20 қазанына дейін budget.open-almaty.kz сайтында қалдыра алады.  

Алматы әкімгінің мәліметінше, алдағы жылға өтінім беру алгоритмі мен шарттары жеңілдетілген. Тұрғындар өз жобасына смета мен эскизді қоспаса болады, тек ұсынылған стандартты құжаттың бірін таңдай алады.

5 қазандағы жағдай бойынша келесі жылға қала бойынша 428 жобалық ұсыныс келіп түскен. Ал, бұған дейін 333 жоба ұсынылған оның бірқатары іске асып үлгерген. Олардың қатарында сөйлейтін орындық, спорт алаңдары мен скейтпарк, саябақтар мен демалыс орындары бар.

Қала әкімдігі тұрғындарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсене қатысуға шақырады. Өтініштерді budget@almatydc.kz электрондық поштасы арқылы жіберуге болады. Ал, дауыс беру және бастамаларды іріктеу budget.open-almaty.kz порталында онлайн өтеді.

Өзгелердің жаңалығы