Алматыда бюджет қаражаты 94%-ға игерілді

18 Тамыз 2021, 16:48
4447
Бөлісу:
Алматыда бюджет қаражаты 94%-ға игерілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Серік Ибраев онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 1 шілдесіне басқарма бюджеті бойынша жоспар 314,2 млн теңгені құраған, оның 295,3 млн теңгесі немесе 94% игерілген.

Игерілмеген сома 18,9 млн теңгені құрады, оның ішінде 8,9 млн теңге сенімгерлік басқарушының міндеттемелерін орындауды бағалау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, 10 млн теңге мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделді, - деді Ибраев.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен 2021 жылы 538,1 млрд теңге сомасына 114 538 сатып алуды өткізу көзделген. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы 2021 жылдың І жартыжылдығында жалпы сомасы 239,6 млрд теңгеге 434 байқау жариялаған. 
Аталған байқау жұмыстарына тоқталсам, 186,4 млрд теңге сомасына 274 конкурс өткізілді, тауарлар бойынша 8,1 млрд теңге сомасына 14 конкурс, қызметтер бойынша 45,1 млрд теңге сомасына 146 конкурс өтті. Өткізілген сатып алулардан үнем 14,5 млрд теңгені құрады, - деді ол.
Сондай-ақ ол 1 жартыжылдықта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша Алматы қаласы бойынша жергілікті қамту үлесі 42% құрағанын айтты.
Қарапайым заттар экономикасының тауарларын сатып алуға 8 сала бойынша 35 млрд теңге бөлінді, оның 11 млрд теңгесі игерілді. Жетекші орынды тамақ өнеркәсібі алады, ЖҚҮ - 69%. Ең аз пайыз машина құрылысы саласында, ЖҚҮ - 16%, - деді басқарма басшысы.
Өзгелердің жаңалығы