Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда бұрын сотталған ер адамдар бір отбасыны тонап кетті

Нұрқанат Атажан
21 Тамыз 2025, 13:31
3308
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

21 тамызға қараған түні алматылық бір отбасы ауыр сәтті бастан өткерді. Олардың пәтеріне екі ер адам кіріп, үй иесін ұрып-соғып, барлық жинақ ақшасы мен алтын әшекейлерін алып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Полицияның мәліметінше, тонау түнгі сағат екі шамасында болған. Қаскөйлер пәтер иесіне ауыр дене жарақатын салып, нәтижесінде ер адам ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр.

Қорқытып, күш қолдана отырып, қаскөйлер ақша мен бағалы заттарды талап еткен. Нәтижесінде олар аздаған жинақ қаражатын және алтын бұйымдарын иемденген, – деп хабарлады Алматы қаласы полциясы.

Ізін суытпай полицейлер күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстаған.

Екеуі де бұрын сотталғаны белгілі болды. Олардың қолынан қылмысқа қатыстылығын растайтын айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауға алынды, – деп түсіндірді полицияда.

Өзгелердің жаңалығы