Алматыда биыл қылмыс 47,5% азайды

13 Қараша 2020, 16:26
1222
Бөлісу:
Алматыда биыл қылмыс 47,5% азайды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Осы жылдың 10 айы бойынша қалада қылмыс саны барлық бағытта 47,5% азайды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат  Таймерденов онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, қала бойынша қылмыстық ахуал толық бақылауда және тұрақты.

Жыл басынан бері қылмыс саны 47,5% азайды. Атап айтқанда, қарақшылық шабуыл - 2 есеге, зорлау - 2,1, тонау - 2,2, бөтеннің мүлкін ұрлау - 2,4, пәтер ұрлығы - 3, көлік ұрлығы - 2,6 есеге азайды, - деді полиция департаментінің басшысы.

Сондай-ақ, көлік ішінен ұрлау фактісі - 37,5 есеге, көлік қапталындағы айналардың ұрлануы - 2,5, бұзақылық - 2,1 және алаяқтық - 22,5 есеге төмендеген.

Таймерденовтың айтуынша, қылмыстық құқық бұзушылық бойынша, жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 11,6% және барлық баптар бойынша  жақсарған.

Биыл қарулы қарақшылық шабуыл 0 -6,6%, бөтеннің мүлкін ұрлау - 6,9%, пәтер тонау - 12,6%, тонау  - 19,9%, өзгенің көлік құралдарын ұрлық ниетінсіз иемдену - 5,6%, бұзақылық - 13,6%-ға және алаяқтық қылмысының ашылуы - 6,7 %-ға артты, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы