Алматыда биыл 200-ден аса көше жөнделеді

20 Наурыз 2023, 08:15
756
Бөлісу:
Алматыда биыл 200-ден аса көше жөнделеді
Фото: almaty.tv

Алматыда 2023 жылға арналған жол жөндеу жұмысының жоспары бекітілді. Ұзындығы 200 км болатын 200-ден астам көше орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.

Жұмыс сараптама нәтижесі шыққаннан кейін сәуір айында басталады. Магистральдық көшелерді орташа жөндеу жаздың соңына дейін, ал аудандық маңызы бар көшелердегі жұмыс қарашаға дейін жүргізіледі.

Жұмыс басталар алдында нақты көшелер тізімі мен жұмыс уақыты алдын ала жарияланады.

Сонымен қатар, 6 шағын ауданда 30 км жаңа жол салынады. Жолдар инженерлік коммуникациялардың іске қосылуына қарай 2023-2024 жылдары қолданысқа беріледі, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы