Алматыда бірнеше көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталады

6 Тамыз 2023, 11:31
645
Бөлісу:
Алматыда бірнеше көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталады
Фото: Арман Мухатов

Алматыда Абай және Әл-Фараби даңғылдарын жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын біткелі отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қаладағы негізгі даңғылдарда көлік қозғалысы бекітілген кестеге сәйкес 31 тамызға қарай аяқталуы керек болған. Алайда жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады, деп жоспарланып отыр.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жұмыстар толығымен аяқталып, солтүстік бетінде Достық даңғылынан Ходжанов көшесіне дейін жөнделген болатын. Енді 5 тамыз сағат 23:00-ден 7 тамыз 06:00-ге дейін Қожанов көшесінен Гагарин даңғылына дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қоозғалысы шектеледі. 6 тамыз күні Қожанов көшесінен Дулати көшесіне дейін реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

Абай даңғылында екі мердігер ұйым қатар жұмыс істеп жатыр. Батыс бағытта Достық даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Ал шығыс бағытта Наурызбай батыр көшесінен Достық даңғылына дейінгі соңғы бөлік жөнделмек. Аталған бөлікте 6 тамыз сағат 23.00-ден 8 тамыз сағат 06.00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар, - деп хабарлады әкімдікте.

Өзгелердің жаңалығы