Алматыда бірнеше автобустың бағыты өзгерді

14 Тамыз 2022, 16:39
4945
Бөлісу:
Алматыда бірнеше автобустың бағыты өзгерді

Алматы қалалық Мобилділік басқармасы 15 тамыздан бастап бірнеше автобустың бағытына өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін жарияланғандай, 15 тамыздан бастап қолданыстағы №137 маршрут екіге бөлінетін болады. Батыс бөлікте Наурызбай ауданының әкімшілік орталығынан Адем СО дейін қысқартылған №137 маршрут қалады, ал шығыс бөлікте Адем СО мен Қайрат шағын ауданы аралығында №138 қатынайды. Маршрутты 15 тамыздан бастап бөлу жоспарланып отыр.

№110 маршрут бір аялдамаға ұзартылып, Момышұлы метро станциясымен байланыстырылатын болады.

№212 маршрут енді Жандосов елді мекенінен Саин-Жандосов көшелері қиылысына дейін жүреді.

№116 маршрут енді әл-Фараби даңғылынан Төле би көшесіне дейін жүріп, Гагарин даңғылын толығымен қамтитын болады.

Жаңа №53 маршрут іске қосылады. Ол Теректі ыықшамауданынан Центральная көшесімен өтіп, Райымбек даңғылы мен Момышұлы көшесі арқылы жүріп, «Момышұлы» метро станциясына дейін келеді.

№55 маршруттың жылжымалы құрамы толығымен жаңартылады.

Сонымен қатар №115 маршруттың жылжымалы құрамы ЛиАЗ автобустарынан газбен жүретін Zhong Тong маркалы жаңа автобустарға ауыстырылады. Оған қоса 15 тамыздан бастап №100 және №49 маршруттарды іске қосу жоспарланған болатын. Алайда техникалық мәселелердің туындауына байланысты аталған маршруттар сәйкесінше 30 тамыз және 30 қыркүйекте ашылады,-делінген хабарламада.

Осыған орай №78 және №23 маршруттардың схемасына өзгерістер 30 тамыздан бастап енгізіледі. 

Өзгелердің жаңалығы