Алматыда бірнеше автобус бағытына өзгеріс енеді

5 Шілде 2023, 05:43
522
Бөлісу:
Алматыда бірнеше автобус бағытына өзгеріс енеді
Фото: архив

Алматыда 4 автобустың бағытына уақытша өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, 5 шілдеден 3 тамызға дейін Боралдай тас жолының Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейінгі аралығы жабылады.

Осыған орай мына бағыттардың сызбасына өзгерістер енгізіледі:

№124 - Оңтүстік бағытта - Жаужүрек көшесі - Б. Момышұлы көшесі – Үлкен Алматы айналма жолы – Ә.Мәмбетов көшесі - одан әрі сызба бойынша;

№124 - Солтүстік бағытта- Ә.Мәмбетов көшесі - Үлкен Алматы айналма жолы – Б. Момышұлы көшесі - Жаужүрек көшесі - одан әрі сызба бойынша.

№81 - Оңтүстік бағытта - Центральная көшесі – Б. Момымшұлы -Үлкен Алматы айналма жолы - одан әрі сызба бойынша;

№81 - Солтүстік бағытта- Үлкен Алматы айналма жолы – Б.Момышұлы көшесі- Центральная – Жаужурек көшесі;

№10А - Оңтүстік бағытта - Жаужүрек көшесі - Б. Момышұлы көшесі - Үлкен Алматы айналма жолы – Ә.Мәмбетов көшесі - одан әрі сызба бойынша;

№10А - кері бағытта өзгеріссіз:

№10 - Солтүстік бағытта- Ә.Мәмбетов көшесі - Үлкен Алматы айналма жолы - Б. Момышұлы көшесі - Жаужүрек көшесі - одан әрі сызба бойынша:

№10 - кері бағытта өзгеріссіз.

Өзгелердің жаңалығы