Алматыда бір отбасы жол апатынан зардап шекті

Алматыда бір отбасы жол апатынан зардап шекті
458

Алматы қаласының Наурызбай ауданында жаяу жүргіншілер өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан бір отбасының төрт мүшесі ауруханаға жатқызылды, бір бала туыстарына берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпараттық сайттың мәліметінше, Subaru Legacy жүргізушісі Алатау көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Салонда оның әйелі мен 2006, 2008 және 2014 жылы туған үш баласы болған. Subaru көлігінің артынан HOWO бетон араластырғыш машинасы келе жатқан.

Субару жүргізушісі Райымбек даңғылына жетпей жаяу жүргіншілер өткелінің алдына тоқтап, адамдарды өткізіп жіберген. Артында келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі тежегішті басқанымен, тоқтап үлгермей Субаруды ілмектеп, аударып жіберді.

Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адам мен әйелді, сондай-ақ 2006 және 2008 жылы туған екі баланы ауруханаға жатқызды. Зардап шеккен 2014 жылы туған бала туыстарына тапсырылды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы