Алматыда бейнешолулар байқауының қорытындысы шықты

31 Шілде 2019, 09:59
1596
Бөлісу:
Алматыда бейнешолулар байқауының қорытындысы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Visitalmaty туристік хабында Алматы бейнешолулар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Алматы қаласының ресми сайтында жарияланды.

Бұл – бірінші байқау. Мақсаты – Алматы туралы қызықты контент жасау арқылы қазақстандықтар мен қала қонақтарының шығармашылық белсенділігіне қолдау білдіру. Байқауға 18 жұмыс келіп түсті. Екі үздік бейнешолудың авторы ретінде Әлия Байбусинова мен Дэн Коба танылды. Ынталандыру сыйлығын Баймахан Қажмахан, Сұлтан Унаспеков пен Азамат Таскимбаев қанжығасына байлады. Ал, қосымша жүлдеге Константин Колодков лайық деп танылды. Ол Digital, TV және Procontent кино мектебінде бейнемонтаж курсынан өту мүмкіндігіне ие болды.

Қазылар алқасының мүшесі әрі «48 сағаттың ішінде түсіру» фестивалінің ұйымдастырушысы Андрей Мануйловтың айтуынша, бас жүлдеге ие болған жұмыстар расымен мықты. Бұл үздіктерді өзімізде ғана емес, шет елдерде де ұялмай көрсетуге болады.

Өзгелердің жаңалығы