Алматыда белсенді демалыс фестивалі өтеді

9 Қыркүйек 2022, 13:00
900
Бөлісу:
Алматыда белсенді демалыс фестивалі өтеді

10 қыркүйекте сағат 11: 00-де М.Ганди атындағы саябақта BALA FEST қалалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұнда жастар мен жасөспірімдерге арналған 150 қалалық демалыс орталығының тұсаукесері өтеді.

Демалыс орталықтары – бұл бос уақытта шығармашылықпен, спортпен және өзін-өзі дамытумен айналысуға болатын тегін клубтар. 

Фестивальде осы орталықтың тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. Қонақтар жарқын ойын-сауық шоу бағдарламасынан көріп, шеберлік сыныптарына, байқаулар мен спорттық сайыстарға қатыса алады. 

Келушілер саябақта серуендеп, әрбір орталық туралы имидждік бейнелерді көріп, дамуға немесе хоббиға арналған жаңа бағытпен таныса алады. 

BALA FEST фестивалін Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы