Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтті

8 Қазан 2023, 20:39
748
Бөлісу:
Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда жүлде қоры 82,5 млн теңге болатын бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шабандоздар шеберлігін көрсетті. Жеңімпаздар марапат пен сыйлықтарға ие болды, ал көрермендер қызықты жарыстар мен әдемі қойылымдарды тамашалады.

Чемпионат аясында екі миллион теңгелік жүлде қоры бар ұлттық киімдер байқауы өтіп, Бақытгүл Пардаева жеңімпаз атанды. Финал Алматы әкімдігі мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтті. Келесі жылы қатысушылар санын арттырып, жүлде қорын ұлғайту жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы