Алматыда барлық өнеркәсіп орындар жұмысын қайта бастады
21 Қаңтар, 22:12 587

Алматыда барлық өнеркәсіп орындар жұмысын қайта бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты.

Оның айтуынша, бүгін Алматыда барлық 120 өнеркәсіптік кәсіпорын, 7,7 мың қызмет көрсету нысаны және 51 базар жұмысын қайта бастады. 110 азық-түлік емес сауда объектілерінің 99-ы, 93 сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің 87-і, 220 жанар-жағармай құю станциясының 190-ы, 3 100 қоғамдық тамақтану объектілерінің 3068-і, сондай-ақ 975 дәріхана өз қызметін қайта жандандырды.

Азық-түлік сауда объектілері бойынша бүгінгі күні қалада 149-дан 145 (97,3%) жұмыс істейді, қалған төрт филиал (үшеуі – «Магнум», біреуі – «Интерфуд») 24 қаңтарға дейін қызметін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

«Алматы өндірушілері мен өңірлерден азық-түлік жеткізудің барлық арналары қалпына келтірілді. Қала бойынша азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды», деді қала әкімінің орынбасары.


Фото: дереккөз
Загрузка...